Алматы қаласы Білім басқармасының
«№143 сөйлеу және тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы»
коммуналдық мемлекеттік мекеме
Меңгеруші:
+7(705) 206-36-00
Әдіскер:
+7(747) 834-09-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2024

КММ №143

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы «№143 сөйлеу және тірек- қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Алматы каласы, Әуезов ауданы «№143 сөйлеу және тірек- қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ғимарат түрі – 2 кабатты.

Жер көлемі – 2,4838га ш/м.,

Ғимарат көлемі  – - 3571,9 м2

Жоба қуаттылығы – 70 орын.

Оқыту тілі – қазақша, орысша

   Қазіргі таңда балабақшада 6 топ жұмыс істейді. Барлығы бюджеттік есептегі топ. Тізім бойынша –70 бала тәрбиеленуде. Топтар балалардың сөйлеу және тірек- қозғалыс аппараттарының бұзылуымен және жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған. Балабақшаға тәрбиеленушілер ПМПК тұжырымдамасы мен жолдамалары арқылы қабылданады.

    Балабақшаның жұмыс уакыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері тәулік бойы.  Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. 08.00-18.00, кезекші топ сағат 7:00- 08:00, 18.00-19.00-ға дейін жұмыс атқарады. Балалар үшін сенсорлық кабинет, Монтессори кабинеті, Арт терапия кабинеті, ән-күй залы, медициналық кабинет, оқшаулау кабинеті, әдістемелік кабинет, психология кабинеті, қазақ тілі кабинеті, логопедия кабинеті, спорт зал, ашық спорт алаңы, балалардың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған топтар бар. Сондай-ақ асхана, тамақтану, кір жуатын, кір үтіктейтін бөлмелері жыл бойы қызмет көрсетеді.

    Балабақша ауласында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған серуен алаңдары бар. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: